ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтидің үстіміздегі жылды «Ислам және Дәстүр құндылығы» деп жариялауы аясында Әл-Фараби аудандық дін қызметкерлері мен «Дін мен дәстүр» бағытына жауапты имамдардың ұйымдастыруымен Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде «Ұлттық аспаптарымызды дәріптеу» атты шарасы болып өтті.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Көне дәуірден жеткен бұл аспап халқымыздың болмыс-бітімін, салт-дәстүрі мен мәдениетін айшықтайды. Рухымызды көтеріп, мерейімізді өсірген қара домбыра асыл мұрамызға, ұлттың символына айналды. Біз оны жан-жақты дәріптей береміз», – деп атап өткен.
Киелі аспап ұлттық тәрбиенің негізін қалап, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейді.
Жастар арасында қос ішекте ойнайтын таланттар саны артқан сайын мәдениет пен өнеріміз дамып, халықтың рухани келбеті қалыптасады.
Ендеше ғасырлар қойнауынан жеткен күй шежірелеріміз бен ән-аманатымыз үзілмей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі