Тұран ауданы Айқап мешіті әйелдер бөлімінде «Имани жаз-2024» жазғы ДСАК шәкірттерінің ұйымдастыруымен қорытынды кеш өтті.
Биыл Айқап мешітінде 8-15 жас аралығындағы 157 мектеп жасындағы қыз балалар діни сауатын ашты. Екі айға созылған рухани лагерьде қыздарымыз Құран әліппесін, имандылық әліппес мен қоса ғибадат, сенім сабақтарын үйренді. Алла Тағаланың көркем есімін жаттап, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ә. у) өмірбаянымен танысты.
Жалпы 50 қыз Құран Әліппесін аяқтап Құранға түсті. Қорытынды кеште қыздарымыз Құран Кәрім оқылып, ғибратты қойылымдар көрсетті. Сонымен қатар Құранға түскен 50 қыз тәж кигізліп, сый-сыяпаттар тарту етілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38