2016 жылғы 19 ақпан күні Ұзыната ауылы «Ұзыната» жалпы орта мектебінде дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, кереғар діни ағымдардың алдын алу бағытында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге «Ұзыната» жалпы орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары қатысты. Кездесу барысында аудан имамы А. Данияров, Ұзыната ауыл молдасы Б. Ермекбаев және Ұзыната ауыл әкімі аппаратының бас маманы Д. Әбітай кереғар діни ағымдардың жастарға тигізіп жатқан ықпалы мен зияндылығы жөнінде түсіндіре келе, дәстүрлі дініміз бен дәстүрлі емес діни ағымдардың айырмашылығын атап өтті.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі