«Тобықты елімен көршілес төлеңгіт руынан шыққан Меңаяқ би қайтыс болғанда, Абай аза тұтып, дұға оқиды. Артынан жиналған елге: «Меңаяқ өзінің басының атын өзі алып жүре алатын адам еді», – дейді. Азалы елдің бір үлкен адамы:
– Абай-ау, ол не дегенің?! Меңаяқ өз атының ғана басы емес, рулы елді билеген адам емес пе?!- дейді. Оған Абай:
– Елді билеуден адамның өзін-өзі билеу қиын. Жағдайы келгенге бақ көтеріп, таққа отыру бола береді. Бірақ соның буымен өзін-өзі ұстай алмай, абыройын ашатындар көп. Меңаяқ сонан аулақ жан еді. Оның зор адамдығының өзі сонда еді,- депті».
(Ағжан Машани. Әл-Фараби және Абай. Алматы «Қазақстан» 1994. 126Б.)