Естеріңізде болса ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен 2017 жылғы шілденің 3 жұлдызында «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» атты форум өткен болатын. Форумда көптеген өзекті мәселелер көтеріліп, бірқатар имамдарға арнайы сертификат пен алғыс хаттар табыс етілді. Осы форум аясында ҚМДБ ОҚО бойынша «Әйел-қыздар» секторының үздік ұстаздары да облыстың өкіл имамы Аxметжан қажы Керімбектің атынан марапатталды. Атап айтқанда: ОҚО орталық мешіт ұстазы Абиева Еңлік, Шымкент қаласы «Айқап» мешіт ұстазы Қаламбек Алмира, Сарыағаш орталық мешіті ұстазы Нарметова Зоxра, Толеби ауданы «Нұр» мешіт ұстазы Камаева Жазира, Түркістан қаласы «Ахмет Яссауи » мешіт ұстазы Темірқұлқызы Гүлсінай және Сайрам орталық мешіт ұстазы Құрбанқұлова Маxира алғыс xаттарына ие болды. Қыз тәрбиесі ұлт тәрбиесі демекші, қыздарымызды инабаттылық пен ибалыққа тәрбиелеуде үлкен үлес қосып жүрген ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. Алла Тағала еліміздің жарқын болашағы үшін атқарған әрбір қызметтеріңізге мол сауаптан жазсын.
ҚМДБ ОҚО бойынша өкілігінің баспасөз қызметі