IMG 125

IMG 125

Биылғы жылдың шілде айында Оңтүстік Қазақстан облыстық орталық мешіті әйел-қыздарға арналған діни сауат ашу курсын бастаған болатын. Қазіргі таңда 100-ден астам шәкірт дәріс алуда. Шәкірттер жас ерекшелігіне қарай үш топқа бөлініп оқытылуда. Бірінші топтағы шәкірттер үлкен жастағы апа-әжелер, екінші топтағы шәкірттер 16-25 жас аралығындағы әйел-қыздар, үшінші топтағы шәкірттер 4-16 жас аралығында. Шәкірттерге жалпы діни мағұлмат пен Құран оқу ережелері бойынша дәріс өтілуде. Шәкірттердің діни білім алуға деген талаптары өте жоғары. Сонымен қатар шәкірттерге тек діни білім ғана емес, түрлі қол өнер жұмыстары мен дәмді тағам дайындауды және түрлі ас мәзірлері үйретіледі. Сондай-ақ тәрбиелік сабақтар атап айтқанда: қоғамдағы және отбасыдағы әйелдің рөлі тақырыптары көтеріледі. Жалпы бұдан, дін мен дәстүрді ұштастырған апа-әжелерімізден қалған асыл мұраны жаңғырту көзделген. ҚМДБ қолдауымен жүзеге асып отырған осындай діни сауат ашу курстары өз жемістерін бере берсін деп тілейміз.

ҚМДБ ОҚО бойынша өкілігінің баспасөз қызметі

 

IMG 125

IMG 126

IMG 127

IMG 128

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38