Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): « Үш түрлі көрші болады. Бір көршің бар, оның сенде бір ақысы бар. Ол мұсылман болмаса да, оның сенде көршілік ақысы болады. Екіншісі мұсылман көршің, оның сенде екі ақысы бар. Мұсылмандық және көршілік ақысы. Үшіншісі туысың. Оның сенде үш ақысы бар. Мұсылмандық, туыстық және көршілік ақылары»-деген. Бұған дәлел Алла Тағала Құран Кәрімде: «Аллаға құлышық етіңдер әрі Оған ешнәрсені серік етпеңдер. Ата-анаға жақсылық жасаңдар, сондай –ақ жақындарға жетімдерге, кедейге, туыс көршіге, өзге туыс емес көршіге, жаныңдағы жолдасқа, жолда қалғанға және қол астыңдағыларға да, Ақиқатында Ала Тағала менменшілді,мақтаншақты жақсы көрмейді.» Ән-Ниса-36 аят.
Ибн Омар және Айша анамыз «Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Үнемі көршіге жақсылық жасаңдар деп өсиет ететін еді. Сонда біз көршілерде мирасқа кіріп кетерме екен деп ойлап қалушы едік» деп, айтатын еді. Бұл жаныңдағы көршілердің алыстағы туысыңнан да жақын екенін білідіріп отыр.
«Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) бір Яһудий көшісі бар еді. Ол көршісі үнемі Алла елшісінің есігінің алдына үйінен шыққан қоқысты тастап кететін. Алла елішісі үш күннен бері көршісін көре алмай қалып, қал-жағдайын сұрасуға үйне іздеп барады. Пайғамбардың (с.ғ.с.) іздеп келгенінен таң қалған Яһудий «Ей Мұхаммед, неге келдің?» -деді. Алла елшісі оған: «Үнемі есігімнің алдына қоқыстарыңды тастап кетуші едің. Үш күннен бері сені көрмеген соң ауырып қалған шығар деп жағдайыңды сұрап келдім»- деген екен. Сонда Яһудий оған: «Сенің дінің осыған үйретеме?»- дегенде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Бұданда көп нәрсеге үйретеді» деп, жауап берді. Соны естіген Яһудий «Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі»- деп, иманға келеді.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Берекенің және берекесіздіктің жолдары әйелмен, үй-жаймен және жақсы атпен келеді. Әйелдің берекесі маһрінің, некесінің жеңілдігі және мінезінің жақсылығында (Мәһрге қымбат нәрсе сұрамайды, некеде болашағын ойлап ісінің оңай болуына жағдай жасайды, мінезі жақсы болса үйге береке әкеледі) Әйелдің берекесіздігі мәһрінің қымбаттығында, некесінің қиындығы ( болашағын ойламайтын) және мінезінің жамандығымен байланысты болады.
Үй-жайының берекесі кеңдігімен және көршілерінің жақсы адамдар болуымен. Берекесіз үй тарлығымен және жаман көршілер мен келеді.
Мінген атыңның берекесі жайлы және табиғатының жақсы болғаны. Асау және жаман табиғатты аттар ісіңнің берекесін қашырады» – деген.
Адам дүниеге келгеннен оның қуанышана бірінші болып көршілері қуанады. Өмірдің ең маңызды кезеңдері де осы көршілермен болады. Үйі аралас, қойы қоралас болған жаныңдағы көршіңнен көп нәрсені үйреніп үлкен өмірге қадам басамыз. Қазақта «Жақсы көрші тапқаның- көп олжаға батқаның»
«Итің жақсы болса ырысың, көрші жақсы болса-тынысың» деп, берекенің басы осындай адамдармен көрші болғаннан.
Мұсылман кісі көрші ақысын біліп отыру керек:
- көршіңмен жолыққанда сәлеммен сөз бастау,
- сөйлескенде сөзіңді қысқа-нұсқа айту,
- көп сұрақ қоймау,
- ауырса жағдайынан хабар алу,
- қайғысына да, қуанышына да ортақ болу,
- жақсылығын асырып, кемшілігін жасыру,
- көршіңді көп аңди бермеу,
- есік алдына қоқыс тастамау,
- жүретін жолдарын тарылтып немесе жауып тастамау,
- бір нәрсені сылтауратып үйіне сығалап қарамау,
- көршінің әңгімелерін сыртқа жаймау,
- өзі жоқта үйіне қарайлап отыру,
- оған қарсы айтылған сөздерге құлақ аспау,
- көршінің әйеліне қызығып қарамау,
- баласына жақсы сөз айтып жүру,
- білмеген нәрселерін айтып, жол көрсетіп жіберу.
- Алла тағала баршамызды көрші ақысына зиян келтіріп қоюдан сақтасын.