SAM106

 SAM106

Шардара қаласы күзет бөлімінің қызметкерлерімен Діни сауатсыздық — діни экстремизмнің бастауы» — атты тақырыбында кездесуге бөлім бастығы подполковник Т. Кенжебек, аудан имамы А. Данияров қатысты. Кездесу барысында аудан имамы қазіргі ислам атын жамылып келіп жатқан діни ағымдардың негізгі көздеген мақсаты — еліміздің тыныштығын бұзу, тұрақтылығымызға іріткі салу. Жастардың дәстүрлі емес діни ағымдардың шырмауында кетуінің үш негізгі себептерін атап көрсетуге болады.
1. Жалпы қоғамда діни сауаттылықтың төмен болуы.
2. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды материалдық тұрғыдан қамтамасыз етеміз деп қызықтыру арқылы қатарларына қосып жатқанын байқаймыз.
3. Шетелдік миссионерлердің өз қызметтерін жоғары деңгейде жүргізуінде болып отыр. Діни сауатты болу үшін белгілі бір діни курсты бітіру шарт емес. Діни сауаттылық ұлттық тарих, дәстүрмен қатар, әлемдік деңгейдегі үрдістерден хабардар болудан құралады. Өз Отанын сүю мен дәстүрін ұстану, тарихын қастерлеу діни сауаттылықтың бір қыры. Өйткені, қазақ тарихына үңілген кез — келген адам қазақ халқында өзге елді жаулау, өзге ұлт пен дінді кемсіту секілді көріністердің орын алмағандығын көреді.
Қызметкерлер көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

«Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 SAM107

 SAM108

от Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38

Добавить комментарий