Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласында ашылған «Есжанұлы Сейітжан қари» мешітінің имамын таныстырды.

«Сәулеті мен сәні жарасқан осы рухани ордасына елімізге танымал қари, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің белді мүшесі, діни салада тәжірибесі мол Ерсін Әмірені тағайындау туралы шешім қабылдадым. Алла Тағала осы мешітті жақсылықтың, бірлік пен берекенің ордасы еткей» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, жаңа мешітте бір мезетте 12 мың адам құлшылығын өтей алады. Мешітте конференция залы, 600 адамға арналған асхана, жастарға рухани білім беретін медресе, неке қию залы, 736 көлік сиятын жерасты автокөлік тұрағы бар.

ҚМДБ Баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38