Бүгін ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасына орай, Шымкент орталық мешітінде «Брайль – әдіснамасы» көру, есту, сөйлеу мүмкіндігі шектеулі  жандарға арналған  Құран оқыту курсы ашылды.

Аталмыш шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы арнайы қатысып, курс жұмысымен танысып, ұстаздар мен қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аталмыш курс жұмысын үйлестіру һәм жетекшілік ету жұмысы дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміровке тапсырылды. Арнайы Құран оқыту курсына Дінмұхаммед Азаматұлы және  Умаралиев Мамура, Айтанаева Рабиға Ермекбайқызы дәріс жүргізеді. Қосымша курсқа қатысушыларға орталық мешіттің найб имамы Қазыбек Сарыбаев, Нұрсұлтан Мамедалиев, Нұржан Қасымбеков, Әли Анарқұлұлы дәріс жүргізеді. Курс бағдарламасы екі бағыт бойынша жүреді, яғни көру қабілетін нашар жандарға бөлек және есту, сөйлеу мүмкіндігі шектеулі жандар бөлек жүргізіледі. Курс барысында Құран, ақида, фиқһ  дәрістері оқытылады.

Осы тұста, аталмыш курс өтетін дәрісхананы жабдықтауда қол ұшын беріп, демеушілік еткен Әмір қажы Оңғарбекұлына және қалалық «Әжелер» мектебінің жетекшісі Қалдыкүл Бекжановаға  Алла Тағала разы болсын! 

Айта кетсек, аталмыш курсқа мүмкіндігі шектеулі 100-ден астам талапкер имандылық бағытта тәлім алу үшін өтініш білідіріп отыр. Олар өз кезегінде осындай мүмкіндік тудырып, жағдай жасап берген өкілдік қызметкерлеріне ризалықтарын білдірді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38