Бүгін   Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты бірнеше мешіттерде су тасқынан зердеп шеккен өірлерге көмек берінде  республикалық «Жақсылықта жарысайық» атты қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Қайырымдылық шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, қалалық «Әйел-қыздар» секторының жетеңшісі Балжан Досжанова, қалалық  «Зекет және қайырымдылық» қорының  жетекшісі Айбек Азимбаев, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, Жастар ісі секторы Әли Анарқұлұлы, т.б. ерікті азаматтар қатысып, тілеуілестіктерін білдірді.  

Қайырымдылық жәрмеңкесі қаладағы «Ақмешіт», «Ордабасы», «Исамддин баба», «Тура жол» т.б. мешіттерге өткізілді.

«Әйел-қыздар» секторы мен «Әжелер» мектебінің мүшелері өз қолдарымен әзірлерген тағамдары мен сусындарды, түрлі тәттілерін жамағатқа ұсынды. Жиналған қаражат су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға арналған арнайы есеп-шотқа аударылды.

Үлес қосқан барша жамағатқа Алла Таға разы болсын! Ел аман, жұрт тыныш болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38