Бүгін Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы  Имамдардың діни білімін жетілдіру һәм қайта даярлау орталығы жанынан ашылған «Хадистану ілімі» курсында имамдарға дәріс оқыды.

Шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының имамдарға білім алу және қызмет барысында уағыз айту әдебін сақтау, дін мен дәстүрге басымдық беру сынды өзекті мәселелерге тоқталды.

Айта кетсек, аталмыш курста РАНТ мүшелері, ұстаз  Нұрсұлтан қари Мамедалиев пен Ералы Есенгелдиев және  «Шымкент» медресе колледжінің ұстазы Жомарт Дөрбетхан сынды ұстаздар дәріс береді.

Курс барысында  «Діни оқу-ағарту» бағытының бағдарламасы аясында хадис ілімі, Құран және тәжуид, Ислам тарихы және дін мен дәстүр пәндері жүргізіледі.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38