Дәрет алу кезінде оқылатын дұғалар бар. Оларды оқу ханафи және мәлики мазһабтарында мұстахаб амалына жатады. Кей ғалымдар мұны жоққа да шығарады. Өйткені дәрет алған кезде оқылатын дұғалар Пайғамбарымыздың(с.а.с.) хадистерінде кездеспейді. Бұл бізге Пайғамбарымыздың(с.а.с.) сахабаларынан кейін келген ғалымдар тарапынан жеткен. Сондықтан көптеген фиқһ кітаптарында дәрет дұғалары кездесе бермейді. Дегенмен сұранысқа орай дәрет алғанда оқылатын дұғаларды ұсынғанды жөн көріп отырмыз.
- Дәрет алуды бастағанда «Әғузу» мен «Бисмилләдан» кейін мына дұға оқылады:
اَلْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي جَعَلَ الْمَاءَ طَهُوراً و جعل َالإسلامَ نُوراً
Оқылуы: «Әлхамду лилләһилләзи жәъаләл-ма’а таһурән уә жәъәләл-исламә нурән!» – Суды тазалаушы қылған, ал Исламды нұр еткен Аллаға мақтау-мадақ болсын!
- Ауызға су алғанда:
اللَّهُمَّ اسْقِنِي مِنْ حَوْضِ نَبِيِّكَ كأساً لا أظمأ بعده أبداً
«Аллаһуммәсқини мин хауди нәбийикә кә’сән ләә азмә’у бәъдәһу әбәдән» – Ей, Алла! Маған Пайғамбарыңның хауызынан бір кесе су ішкізе көр! Одан кейін мен ешқашан шөлдемейтін болайын.
- Мұрынға су тартқанда:
اَللَّهُمَّ لاَ تَحْرِمْنِي رَائِحَةَ نَعِيمِكَ وَ جَنَّاتِكَ
«Аллаһуммә лә тәхримни ра’ихатә наъимикә уә жәннәтикә» – Ей, Алла! Мені нығметтерің мен жәннаттарыңның хош исінен мақұрым ете көрме!
- Бет жуғанда:
اَللَّهُمَّ بَيِّضْ وَجْهِي بِنُورِكَ يَوْمَ تَبْيَضُّ وُجُوهٌ وَتسْوَدُّ وُجُوهٌ
«Аллаһуммә байид уәжһи бинурикә йәумә тәбиадду ужуһ уә тәсуәдду ужуһ» – Ей, Алла! Кейбір жүздер ағарып, кейбір жүздер қараятын күні менің жүзімді ағарта көр!
- Оң қолын жуып жатқанда:
اَللَّهُمَّ اَعْطِنِي كِتَابِي بِيَميِنِي وَ حَاسِبْنِي حِسَاباً يَسِيراً
«Аллаһуммәътини бииәмини уә хасибни хисәбән йәсиран» – Ей, Алла! Маған кітабымды оң жағымнан бергіз және менің есеп-қисабымды жеңілдете көр!
- Сол қолын жуып жатқанда:
اَللَّهُمَّ لاَ تُعْطِنِي كِتَابِي بِشِمَالِي وَلاَ مِنْ وَرَاءِ ظَهْرِي وَلاَ تُحَاسِبْنِي حِسَاباً شَدِيداً
«Аллаһуммә лә туътини китаби бишимали уә лә мин уара’а заһри уә лә тухасибни хисабән шәдидән»– Ей, Алла! Маған кітабымды сол жағымнан да, арқа жағымнан да бергізе көрме! Әрі мені ауыр есепке тарта көрме!
- Басқа мәсих тартқанда:
اَللَّهُمَّ حَرِّمْ شَعْرِي وَبَشَرِي عَلَى النَّار
«Аллаһуммә харрим шаъри уә бәшари ъалән-нар»– Ей, Алла! Менің шашым мен терімді тозақ оты үшiн харам қыла көр!
- Құлаққа мәсих тартқанда:
اَللَّهُمَّ اِجْعَلْنِي مِنَ الَّذِينَ يَسْتَمِعُونَ الْقَوْلَ فَيَتَّبِعُونَ اَحْسَنَهُ
«Аллаһуммәжъални минәлләзинә йәстәмиъунәл-қаулә файәттәбиъунә әхсанаһ» – Ей, Алла! Менi естiген сөздердің жақсыларына құлақ асушылардың қатарына қоса көр!
- Мойынға мәсих тартқанда:
اَللَّهُمَّ اَعْتِقْ رَقَبَتِي مِنَ النَّارِ وَاحْفَظْنِي مِنَ السَّلاَسِلِ وَالْاَغْلَلِ
«Аллаһуммәътиқ рақабати минәннар уахфазни минәс-сәләси уал-әғләл» – Ей, Алла! Менiң мойнымды тозақ отынан азат ете көр. Әрі мені шынжырлары мен қарғы бауларынан сақтай көр!
- Аяқты жуып жатқанда:
اَللَّهُمَّ ثَبِّتْ قَدَمَيَّ عَلَى الصِّرَاطِ يَوْمَ تَزِلُّ فيِهِ الْاَقْدَام
«Аллаһуммә сәббит қадами ъаләс-сирати йәумә тәзиллу фиһил-ақдәм» – Ей, Алла! Аяқтардың таятын күні менің екі аяғымды Сират көпiрiнде бекем ете көр!
- Дәрет алып біткен соң:
اَللَّهُمَّ اجْغَلْنِي مِنَ التَّوَّابِينَ الْمُتَطَهِّرِينَ وَاجْعَلْنِي مِنْ عِبَادِكَ الصَّالِحِينَ الَّذِينَ لاَ خَوْفٌ عَلَيْهِم وَلاَهُم يَحْزَنُونَ
«Аллаһуммәжъални минәт-тәууәбинәл-мутәтаһһирин уәжъални мин ъибәдикәс-салихин әлләзинә лә хауфун ъалейһим уә лә һум йәхзанун» – Ей, Алла! Менi тазарған көп тәубе етушілер қатарында ете көр. Әрі мені қорқыныш та, қайғы да көрмейтін салихалы құлдарыңның қатарына қоса көр!