«Халал Даму» өкілдігінің ұйымдастыруымен Шымкент қалалық мешітінде әйел жамағатына «Азық-түлік өнімдерінің халалдығы» жөнінде семинар өтті. Семинарда жергілікті мамандар Қазыбек Сарыбаев пен Аружан Аралбай дәріс оқыды.
«Халал мәселесі – адамның күнделікті амал-ниетінде алдынан кезігетін шариғат талаптарының бірі. Ас ішсең де, киім кисең де, тіпті, бір іс жасасаң да, оның халал талаптарымен үндесуі маңызды саналады. Ал, әйел адамдарға бұл – аса қажет құндылық. Өз ұрпағының тәрбиесінде де бабалардан мирас болған имани дәстүрлерді жаңғыртудың тағылымы мол», – деген мамандарымыз халал өнімдер өндірісі, технологиясы, тағамдық құрамы т.б жөнінде кеңінен түсіндіріп, баяндады. Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарды қойып, жан-жақты жауаптар алды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі