Бүгін Мемлекет басшысының бастамасы аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты мешіттерде «Таза Қазақстан» тазалық шарасы ұйымдастырылды.
Осы тазалық шарасын қолдау мақсатында бүгін жұмадан кейін барлық мешіттердің іші мен сырты, ауласы, дәретханасы, мешітке барар жолдың тазалығын т.б орындар тазаланды.
Жалпы, шараға мешіт имамдары мен бірге мешіт жамағаты жастар т.б жалпы саны 300-ден астам адам қатысты.
Игі шараны жергілікті «Отырар», «Оңтүстік», «Хан тв» телеарналары түсірілім жасап, ақпарат таратты.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38