Мейірімділік- иманнан туындайтын, Алланың пенделеріне берген үлкен сыйы. Ислам діні де осы мейірімділік арқылы исі мұсылманға жеткен. Алла елшісі: « Ант етейін! Кімде- кім Алланың жаратылыстарына мейірімділік жасаса, Алла да оған мейірімділік жасайды»- деген. Бұл хадис шəрифтің өзі мейірімділіктің маңызды екенін білдіруде. Ал осындай мейірімділік пен жомарттықты өзгелерге үлгі ретінде көрсете білетін ай- Қасиетті Рамазан. Мақтарал аудандық «Нұғман» мешіті, Зекет корпоративтік қорының Мақтарал ауданы бойынша бөлімі жəне «Nur-Med» фирмасының ұйымдастыруымен «Мейірімі мол Рамазан айы» атты қайырымдылық іс- шарасы өтті. Игі іске қала жəне ауылдық елді мекендерде орналасқан 105 отбасылық жағдайы төмен жəне 1, 2, 3 топтағы мүгедек жандар қатысты. Əрбір отбасыға 10 мың теңге көлеміндегі азық- түлік тарқатылды. Оның ішінде азық түліктер мен күнделікті тұрмыста қоданатын заттар қамтылған. Қасиетті айдың шарапатымен болған игі шараға куəгер болған жанұялар мешіт қызметкерлеріне дəн ризашылдығын білдіріп, ақ баталарын берді. Қайырымдылық шарасы алдағы уақытта жалғасын табады деген сенімдеміз. Алла ниеттерімізді қабыл етсін!