IMG 70

IMG 70

Қасиетті Рамазан айында атқарылуы керек болған жəне қияметте сауабы молынан болатын игі істердің бірі- Құран оқу. Өйткені оның əрбір əріпіне Алла сауаптан жазған. Алла елшісі Мұхаммед (с.а.с): “Сендердің жақсыларың- Құранды үйреніп, оны өзгеге үйреткендерің” деген. Жəне де ақыретте Алла кəлəмін жаттаған адамның дəрежесінің биік болатынын айтқан. Шəкірттерді Құранға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында Аудандық “Нұғман” мешіті Жастар ісі бөлімінің бастамасымен “Жақсылықта жарысыңдар” атты бір жəне жарты парадан Құран жарысы болып өтті. Бір парадан 1,2,3 орынға теледидар, ұялы телефон жəне т.б заттай сыйлықтар табысталса, жарты парадан алғашқы үштікке кірген шəкірттерге аудандық Нұғман мешіті атынан қаржылай сыйлықтар берілді. Жарысқа төреші ретінде Ауданымыздың бас имамы Сыздықов Бекзат, мешітімізде Құран хатым етіп жүрген атақты қариларымыз Шавкат Шайсмайлов жəне Бейбіт қари, Қанайұлы Көбей мешітінің имамы Хадыршаев Абдухафиз қатысты. Жарыс ережесі бойынша мектеп жасындағы балалар ішінен Достық ауылында орналасқан Додо Хидир мешітінің шəкірті бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар сайысқа белсенді қатысқаны үшін жəне бес шəкіртке қаржылай мешіт тарапынан сыйлық берілді. Сөз соңында бас имам Құран жəне оның қасиеті жөнінде уағыз айтып, жас бүлдіршіндерге бағыт бағдар көрсеттті.

МАҚТАРАЛ АУДАНДЫҚ НҰҒМАН МЕШІТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

 

IMG 67

IMG 68

IMG 69

IMG 70

IMG 71

IMG 72

IMG 73

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38