IMG 48

IMG 48

Аудандық орталық мешітіне ине шаншар орын қалдырмай жиылған қауымға алдымен ауданның Бас имамы Қалдаров Берік Жақыпбекұлы қасиетті Рамазан айт мерекесі туралы кең көлемде уағыз – насихат айта келе, «алдағы айт күндері Алла Тағалаға құлшылық жасап, намаз оқу, таспих тарту, зікір айту, Құран оқу, көп дұға қылып, тілек тілеу, алыс – жақындағы туыстарды, көршілерді, құда – жегжат, жора – жолдас, әріптестерді құттықтау, отбасына, бала – шағаға, ағайын – туысқа сыйлық жасау, жетім – міскіндерге садақа – зекет беріп қуанту, ренжісіп жүрген адамдар кешірісіп, татуласу секілді сауапты істер қасиетті дініміздің шариғаты үкім еткен ізгі амалдар болып табылатындығын»,-айтты.Соң аудан әкімі орынбасары Жәнібек Агибаев, аудан ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұстапа Сүлейменов, қала төбе биі Рахымберді Оспанов жиналған жамағатты Айт мерекесімен құттықтап, жақсы тілектер айтты.
Ізгі тілектерден кейін имам Берік Жақыпбекұлы айт намазын жүргізді. Намаздан соң жиналған жамағат бір – бірін айт мерекесімен құттықтап, жаппай төс қағыстырып, жақсы тілектер айтысты.
Көпшілік қауым Айт намазды оқып болған соң науқастанып қалғандардың хал ахуалдарын білуге, араздасып қалғандарды жарастыруға, ағайын-туысқандардың, жора-жолдастардың үйіне барып айт мерекесімен құттықтауға асықты.
Иә, алдағы Рамазан айтының 3 күнінде Аллаға иман келтірген мүмин құлдары, салих амалдар молынан жасап , сауаптарға кенелуге асығатыны аян.

Сарыағаш аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

IMG 48

IMG 49

IMG 50

IMG 51

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38