2017 жылдың 23 маусым күні аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында аудандық әскери комиссариат, аудандық аурухана және аудандық емхана қызметкерлерімен «Дәстүрлі емес діни ағымдардың іс – әрекеттерінің алдын алу» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қ. Ілесов, аудан имамы А. Данияров және аудандық ішкі саясат бөлімінің дін жөніндегі әдіскері Н. Үсіпбек қатысты. Кездесуді Қ. Ілесов Елбасының халыққа арнаған Жолдауындағы дін саласына байланысты мәселелерге тоқталып және Елордада II республикалық имамдар форумы өткізілгені жайында айтып онда қабылданған құжаттарға тоқталып өтті. Н. Үсіпбек бүгінгі таңда дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға тигізер зардабы мен кері әсері туралы түсінік бере келе, Интернет сайттардағы жалған атпен шығатын уағыздар туралы хабардар етті. Әрбір адам өз отбасын және туыстарын кереғар діни ағымдардың арбауынан сақтандырып отыру керектігін, діни салада қоғамдағы орын алып жатқан мәселелерге сергектікпен қарауға назар аударуды атап өтті А. Данияров қоғамдағы керағар діни ағымдардың сыртқы бейнесі мен іс – әрекеттерін атап өтіп, мекеме қызметкерлеріне ондай ағымдардан сақ болу керек екендігін ескертіп, дәстүрлі Ислам дінінің маңыздылығын айтып, Исламдағы қалыптасқан 4 мазһаб туралы айтып өтті. Кездесу барысында мекеме қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға тыңғылықты жауаптар берді.
Шардара ауданы ішкі саясат бөлімінің баспасөз қызметі.