Бәни Исрайл пайғамбарларының тағы бірі Ясағ. Құранда аты аталғанымен өмірі жайлы көп айтылмаған.
«Исмайлды, Әл–Ясағты, Зулькафилді де ұмытпа. Бәрі де жақсы жандар еді» (Сад сүресі, 48-аят).
«(Тура жолдан таймаған) Исмайлды, Әл–Ясағты, Жүністі және Лутты жаһандағы барлық жаннан артық еттік» (Әнғам сүресі, 86-аят).
Негізінде ол Ілиястың туысының баласы болған делінеді. Ілияс дүниеден өткеннен кейін ол дағуа етіп, адамдарды Аллаға шақырып, Ілиястың салған жолымен жүрген. Бірақ оның заманында жаңалықтар еніп, қателіктер көбейе бастаған. Тарих кітаптарында оның халықтың тұрмысын жақсартуға байланысты еткен еңбегі айтылады.
«Пайғамбарлар тарихы» – кітабынан.
Тағылымы мол бұл кітапты араб тілінен аударып, жинақтап ұсынушы – елімізде алғаш рет Муфтият құрып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын қалыптастырған тұңғыш муфтиіміз, терең білім иесі, әлемге танымал Ислам ғалымы Ратбек қажы Нысанбайұлы. Ол – Қазақстанда Исламның қалыптасып, өркендеуіне зор үлес қосқан, Ислам институтын ашып, ұстаздық етіп, одан бірнеше буын имамдар даярлап шығарған дін қайраткері.
Шымкент қаласы орталық мешіті