Бүгін қасиетті Рамазан айының үшінші күні Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық акциясын өткізді.

Қайрымдылық шараға Шымкент  қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов,  найб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Айбек Азимбаев және Әлжан Садиевтер  қатысып, қасиетті Рамазан айымен құттықтап,  мұқтаж жандарға азық-түлікті үлестірді.

Мұқтаж жандарға (ұн, күріш, шәй, май, қант, тамат, макорон өкімдері, сабын,  т.б.). Ерікті топ мүшелері кейбір азаматтардың мүмкіндік шектеуіне орай үйлеріне жеткізілді.

Айта кетсек,  бүгінгі ұйымдастырылған кезекті қайырымыдылық шарасы «Дін Ислам» мешітінде өткізілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38