Шымкент қаласының «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «SAFA» ханымдар орталығында, кезекті «Бір айда бір кітап » жобасы бойынша «Үнсіз Ұстаз» атты кітап оқу тобының оқырмандары бас қосты.
Кезекті сайыс екі бөлімнен тұратын «Көркем мінез-құлық» кітабы бойынша өтті.
Бұл кітапта әрбір мұсылман үшін, тәлім мен тәрбие алатын дүниелер өте көп. Талқыланып, қаралмаған мәселе қалмаған. Қазіргі уақытта рухани азыққа мұқтаж жандар үшін, құнды дүниелер көп. Кітапты оқу арқылы, әрбір оқырман, Алла Тағала және Пайғамбарымызға деген махаббатының артып, әрқайсымыздың бойымызда болу керек болған қасиеттермен танысқанын айтты.
Оқырмандар әрқайсы, өзі үлкен әсер алған тақырыпты ашықтап, жамағатпен бөлісіп отырды. Әрбір кітап оқушы шәкірттерге сыйлықтар таратылды.
Шәкірттердің зейіні ашылып, кітап оқитын бауырларымыз көбейе берсін және оқыған білгенге амал жасауды баршамызға нәсіп етсін.
Ұйымдастырушыларға Алла разы болсын.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі