Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасына сәйкес,  Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен «Шымкент» медресе-колледжі бірлесіп  «Азан және Құран қирағат» үйірмесі ашылып, іске қосылды.

Аталмыш үйірме жұмысының ашылуына Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, «Яссауи дүниесі» түркі діни кітаптарды оқыту орталығының жетекшісі, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, Анарқұл Сармановтар қатысып, сәттілік тіледі.

Негізгі мақсат – шәкірттерімізге әдемі әуезді азан айту үлгісі мен Құранды  дұрыс оқу һәм әсем қирағат қағидаларын үйрету болып саналады.

Айта кетсек, жаңадан ашылған үйірмеде білікті ұстазы Өмірбек  Сәрекеев  жүргізсе, ал қыздар бөлімі бойынша ұстаз Нәубет Жұмагүл жүргізеді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38