Шымкент қаласы орталық Ақмешіт мешітінің жанынан ашылған «Жаннат бағы» қыз-келіншектерге арналған Рухани даму мектебінің және Шымкент қаласы «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен ай сайын өтіп жүрген Рухани кештерінің кезекті отырысы еліміздің тәуелсіздігіне арналды. Бұл кеште пайғамбар өмірінен мысалдар беріліп, отанға деген сүйіспеншілікті арттыру мақсат етілді.
Онымен қоса нутрициолог, терапевт дәрігерден «Вирусты аурулардан табиғи емделу жолдары» тақырыбында кеңестер берілді.