Шымкент қаласы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Досжанова Балжан ұстаздың және белсенді топтың ұйымдастыруымен қаладағы мешіттер мен медреселерден 55 ұстазға арнап марапаттау кешін өткізді.
Бұл кеште тәуелсіздік жайлы бейнебаян көрсетілді, иләһи әндер айтылды, спектакльдік көрініс көрсетілді. Ең бастысы қала мешіттеріндегі әйел ұстаздардың қорытынды слайды көрсетіліп, ұстпздардың жұмысы бағаланды.
Кешке блогер, «өмір мектебінің ұстазы» Құралай Жарбол апамыз қонақ болып өз насихат, кеңестерін айтты.
Ұстаздар түрлі номинациялармен марапатталды.