Шымкент Орталық Мешітіне қарасты,  «SAFA» ханымдар орталығында,  «Кітап үнсіз — Ұстаз»  атты  кітап оқу тобы кезекті жарысын өткізді. Ол жарыс бойынша қыз-келіншектер арасында екі аптада 1 кітапты оқылып, қорытынды  жиыны өтіп, сол оқылған кітап бойынша сайыс сабақ ұйымдастырылуда. Бұл жолы «Шәмәил Мухаммадия»  кітабы оқылды. Кітапта Адамзаттың Асылы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с а у ) қадір-қасиеті және сипаттамалары берілген. Кітап өте қысқа және түсінікті жазылған және біздің шәкірттер Аллаһ Елшісін жақын, танып оған деген сүйіспеншілігі арта түсті. Шәкірттердің зейіні ашылып, ілімі артуына тілектеспіз.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38