Шымкент қаласы Қаратау ауданы Сайрам жами мешітінің әйел-қыздар бөлімінде пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның құрметіне «Сағындым сені уа Расулалла» атты рухани бағдарлама өтті.
Бұл бағдарламада Сайрам жами мешітінің шәкірттері бар өнерін паш етті.
Иләһи әндер шырқады, пайғамбарға арнау айтып, монолог оқыды. Діни тақырыпта спектакльдік көрініс көрсетті.
Кешке келген 200-ден астам көрермен қонаққа сый-сияпаттар таратылды.