Шымкент қаласы Тұран ауданы Қождан ата мешітінде тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз қоғамдағы діни сауаттылық мәселелері» атты ашық сабақ өтті.
Ашық сабақты Қождан ата мешітінің әйел ұстазы Әсем Аязалиқызы өткізді. Сабақ барысында дәл қазіргі уақытта қоғамдағы діни алауыздықтың бірден бір себебі діни сауатсыздық екені айтылып, білім алудың артықшылығы түсіндірілді.
Әлеуметтік желідегі діни контенттер мен діни блогерлер жайы да талқыланды. Қазіргі уақытта дін қызметкерлерінің өзекті мәселесі болған «Тәңіршілдік» тақырыбында да видеороликтер қойылып, жамағатқа жан-жақтв мәліметтер берілді. Шара соңында ашық сабаққа жиналған шәкірттердің сұрақтарына жауап берілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38