Бүгін Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен соңғы күндері бұрын соңды болмаған ауа-райының күрт өзгеруіне бойланысты суық күндері тазалықшыларды ынталандыру мақсатында «Біз біргеміз» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі һәм сауапты шараға ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы бастаған мешіт имамдары, қалалық «Жастар ісі» сектор жетекшісі Әли Анарқұлұлы, Орталық мешіттің ұстазы Жұмағали Сүйін және еріктілер қатысты.
Игі шара аясында таң сәреден тұрып көше қарларын тазаушы тазалық мекемелерінің қызметкерлеріне т.б. қала тұрғындарна ыстық шәй, кофе және ыстық нан үлестірілді.
Айта кетсек, аталмыш шара қала бойынша барлық мешіттердің ұйытқы болуымен қолға алынды. Жалпы игі шара апта бойы жалғасын табады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі