Шымкент қаласы Тұран ауданы Қождан ата мешітінде «Бір айда бір кітап» атты кітап оқу сайысы өтті.
Қождан ата мешіті әйелдер бөлімінде ай сайын «Бір айда бір кітап» атты кітап сайысы өтеді. Бұл айда оқылған кітап Бағлан Шежімбайдың аударма негізінде жазылған Имам Термизидің «Шәмәил Мухаммадия» кітабы. Бұл кітапта ардақты Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) тұлғалық қадір қасиетінің ерекшелігі және тұлғалық бейнесіне қатысты сипаттар мен жасаған құлшылықтары, мінезі, тұрмыс- тіршілігіндегі заттарына дейін баяндалған.
Сайысқа қатысушылар кітапты қараша айының 6-сы мен желтоқсан айының 16-сы аралығында оқыды.
17 желтоқсан күні Қождан ата мешітінде сайыс өтті. Сайыс 2 турдан тұрып, бірінші тур тест сұрақтары, екінші тур сұрақтарға ауызша жауап беру болды. Ең жоғарғы балмен
Ережепова Назерке бірінші орын иеленді.
Екінші орынды Маханова Мадина апамыз алса, үшінші орынды 7-сынып оқушысы Тоқбаева Каусар иеленді.
Сайысқа Шымкент қаласының әйел-қыздар сектор жетекшісі Досжанова Балжан ұстаз төрешілік етті.
Шара соңында қатысушыларға сыйлықтар үлестірілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38