ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен қалалық дендросаябақтағы «Имамдар аллеясында» табиғатты аялау мақсатында «Бір тал ексең он тал ек» ағаш отырғызу игі шарасы ұйымдастырылды. Игі шараға Шымкент қаласына іссапармен келген  ҚМДБ Төрағасының орынбасары, найб мүфти, Ершат қажы Ағыбайұлы,  ҚМДБ Төраға кеңесшісі, Бижігіт Нұржігітұлы, ҚМДБ Қажылық бөлімінің, Жандилла Мамытханұлы, Шымкент  қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахмановтар қатысып, ағаш отырғызды.   Айт кетсек, қалалық дендросаябақта арнайы жер бөлініп, оған  «Имамдар аллеясы» деп айт қойып, имамдар тұрақты түрде күтіп-баптау жұмыстанына қолқабыс тигізіп,  игі шара аясында қаладағы 91 мешіт атынан ағаш отырғызылды.

  ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38