ҚМДБ «Шымкент» медресе колледжіннде «Ілім – сарқылмас қазына» атты рухани танымдық семинары ұйымдастырылды. Атап айтқанда семинарға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, найб мүфти, Ершат қажы Ағыбайұлы,  ҚМДБ Төраға кеңесшісі, Бижігіт Нұржігітұлы, ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жандилла Мамытханұлы, Шымкент  қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов қатысты.  Кездесу аясында ҚМДБ Төрағасының орынбасары, найб мүфти, Ершат қажы Ағыбайұлы Құран және ғылым тақырыбы аясында дәріс оқыды. Семинар аясында шәкірттер сұрақтарын қойып, мол ақпаратқа ие болды. Осы орайда, «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай ҚМДБ Төрағасының орынбасары, найб мүфти, Ершат қажы Ағыбайұлы бастаған делегацияға алғысын білдірді.    

  ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38