ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Шымкент орталық мешітінде «Қажының рухани келбеті» құжатын насихаттауға арналған аймақтық рухани семинар ұйымдастырылды. Аймақтық семинарға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, найб мүфти, Ершат қажы Ағыбайұлы, ҚМДБ Төраға кеңесшісі, Бижігіт Нұржігітұлы, ҚМДБ Қажылық бөлімінің, Жандилла Мамытханұлы, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахмановтар қатысып, қажылық мәселелері бойынша арнайы баяндама жасады. Негізгі қаралған мәселе – қажылық маусымына дайындық һәм ҚМДБ тарапынан қабылданған «Қажының рухани келбеті» тұғырнама құжжатын насихаттау болып саналады. Мұнымен қатар, қажылыққа байланысты Сауд Арабия тарапынан қойылып отырған өзгерістер мен талаптар, ережелерді түсіндіру. Сондай-ақ, арнайы тексеруден өткен, көп жылдық тәжірибесі бар 17 тур фирмалармен қажылыққа баруға кеңес берілді. Сондай-ақ, биылғы жылғы қажылыққа ниет азаматтар желтоқсан айының соңына дейін төлем жасап, тіркеу қажет екендігі түсіндіріп өтті. Семинарға қалалық мешіт имамдары мен ұстаздары қатысып, көкейде жүрген сұрақтарына баяндамашылардан тұщымды жауап алды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі