Бүгін Шымкент қаласы  әкімдігінің ақпарпаттық-коммуникациялық орталығында «Қажының рухани келбеті» құжатын насихаттау аясында БАҚ өкілдеріне брифинг ұйымдастырылды.

Брифинг жұмысына ҚМДБ Төрағасының орынбасары, найб мүфти – Оңғар Ершат Ағыбайұлы, ҚМДБ Төраға кеңесшісі –  Қойшиев Бижігіт Нұржігітұлы, ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі  – Бекжігітов Жандилла Мамытханұлы және Шымкент  қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов қатысып,  қажылықтың  талаптары  мен ережелері түсіндірілді.

Брифингке барысында қажылық парызды өтеуге ниет еткен азаматтарға  сүзгіден өткен, көп жылдық тәжірибесі бар 17  тур фирмалармен қажылыққа баруға кеңес берілді. Сондай-ақ, биылғы жылғы қажылыққа ниет азаматтар желтоқсан айының соңына дейін  тіркеліп,  аз мүмкіндікке қарай төлем жасау қажет екендігі түсіндіріп өтті.

Брифингке жергілікті «Айғақ», «Оңтүстік», «Отырар», «Нар тв» телеарналары мен газет, журналдардың тілшілері, блогерлері қатысып, сұрақтарына тұщымды жауап алды.  

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38