Шымкент қаласы орталық мешіті «Әйел-қыздар» секторының ұстаздарының жетекшілігімен
«SAFA» ханымдар орталығында,  «Білім алда-Умра ұтып ал»  атты, 1 айлық марафоны өз мәресіне жетті. Марафонға қатысушылар саны 14 шәкіртпен басталып, іріктелген 8 шәкірттен алға тек жалғыз жеңімпаз шықты.
Бұл марафонның ерекшелігі санға емес сапаға мән берілді.
Шәкірттер 1 ай ішінде,  әр күнде берілген тапсырмаларды уақытылы орындаумен болды. Осы уақыт аралығынды шәкірттер,  Аллаһ Тағаланың көркем есімін мағынасымен жаттап,  түрлі Аллаһты мадақтау мен Пайғамбарымызға с а у-ға  айтылатын  салауаттармен танысып,  ақида,  сияр,  әйелге тән жағдайлар жөнінде және Құран сүрелерінен тәлім алып,  намаздағы дұғаларды жаттап тапсырды.
Аллаһтың Қалауымен Ордабекқызы Дана бас жүлде,  яғни Умраға жолдаманы ұтып, қасиетті сапарға да шығып кетті.
Аллаһ қаласа, бұл марафонның жалғасы болады деген ниеттеміз.
Шәкірттердің алған ілімдері пайдалы болсын.
Сонымен қоса Құранға түскен шәкірттерге тәж кию рәсімі болды. Шәкірттердің зейіні ашылып,  амал еткен құлдардан болсын деген ниеттеміз.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38