Шымкент қаласы Тұран ауданы Қождан ата мешітінде «Бір айда бір кітап» атты кітап оқу сайысы өтті.
Қождан ата мешіті әйелдер бөлімінде ай сайын «Бір айда бір кітап» жоба аясын кітап оқу сайысы өтеді. Қазан айында оқылған кітап Нұрсұлтан Рысмағанбетұлының аудармасы негізінде жазылған доктор Абдуссалам Қарбулидің «Олар Пайғамбарымызды ﷺ осылай сүйген..» кітабы. Оқырмандар бұл кітапты 2 қазан мен 25-қазан аралығында толық оқып шықты.
Кітапта адамзаттың асылы Пайғамбарымыз ﷺ деген сахабалардың сүйіспеншілігі мен ізгі жандардың шексіз сезімі, құрметі мен сағынышы терең сипатталған. Аталмыш кітапта Пайғамбар ﷺ заманында болған оқиғалар желісі, біздің одан алатын пайдамыз бен ғибратты насихаттары қозғалады. Шара барысында шәкірттер кітапты толық талқылап, сұрақтарға жауап берді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
