Шымкент қаласы Тұран ауданы Қождан ата мешітінде «Үмбетіне үлгі болған Мұхаммед» атты мәуліт кеші өтті. Кеш барысында адамзаттың соңғы пайғамбары Мұхаммед Мұстафа салаллаһу алейһу уассаламның ғибратты ғұмырынан видеороликтар көрсетіліп, шәкірттер тарапынан тағылымды кәрісіністер қойылды. Қонақтар арасында ұмытылып бара жатқан сүннетер жайлы топтық сайыс ұйымдастырылып, хадистерін жатқа айтудан жарыс өткізілді. Белсенділік танытқан шәкірттерге сыйлықтар үлестірілді. Шара соңында келген қонақтар мен мешіт шәкірттеріне берекелі дастархан жайылды.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі





