ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігінің ұйытқы болуымен «Достық үйі» сарайында ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге Мәуліт айының құрметіне «МІНСІЗ МУХАММЕД с.а.с» атты рухани кеші өтті.

Рухани шараға ҚМДБ Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы арнайы қатысып, жинаған көпшілікті Мәуліт мерекесімен құттықтады.

Іс-шара барысында «Ж.Шанин» театрының өнерпаздары сахналық қойылым ұсынып, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен үзінді. Иллаһи жыр-термелер мен өлеңдер оқылып, кештің әрін кірді. Сондай-ақ рухани шара барысында Шейх Мухаммад мешітінің имамы Берік Арын әсерлі уағыз айтса, Мұрат Тастанбеков, Мейірбек Сәрсенбаев пен «Шымкент» медресе-колледжінің шәкірттері салауат хутбасын оқыды.
Жоғары деңгейде өткен кештен қатысушылар рухани әсер алды.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - WhatsApp-Image-2023-10-13-at-17.27.27.jpeg
Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - WhatsApp-Image-2023-10-13-at-17.27.27.jpeg

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38