Кеше Шымкент қаласы Еңбекші аудандық Исамиддин баба мешітінің шәкірттері әйел-қыздар, әжелер арасында Пайғамбарымыз(с.ғ.с) туған айы мәуліт мерекесіне орай “Мерейлі Мәуліт” іс-шарасы өтті.
Аталмыш шараға арнайы ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Алматы қаласының бас имамы қызметтерін атқарған, бұл күндері ҚМДБ- ның жанынан құрылған ақсақалдар кеңесінің мүшесі Асылхан қажы Өмірзақұлы,Еңбекші ауданының бас имамы Ербосын Орын және Исамиддин баба мешітінде ұзақ қызмет атқарып келе жатқан құрметті имамымыз Абдықадыр қажы Мамметов мерекені дұға-тілектерімен ашып берді.
Қаламыздың 70-ке жуық қыз-келіншектері қатысқан бұл жиында Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айтылды. Ислам тарихынан сұрақ-жауап ойынымен пайдалы көрініс де болды. Кеш соңы мешітіміздің ұстазы Гүлжан Сыдықова әсерлі уағыз айтып қонақтарға сый-сияпат таратты.

Алла баршамызға Пайғамбарымыздың шапағатын нәсіп етсін!

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38