Бүгін Шымкент қаласындағы мешіт аумағында орналасқан діни дүкендердегі діни мазмұындағы әдебиеттерді тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру жұмыстарын Шымкент қаласының бас имам орынбасары әрі ҚМДБ жанындағы діни сараптама бөлімінің Шымкенттегі жауапты өкілі Мұхамеджан Естеміров тексеріп, зерделеді.
Негізгі мақсаты – мешіт аумағындағы діни дүкендерде көпшілік оқырман қауымға арналған Ханафи мәзһабы, Матуриди сенім мектебі — дін мен дәстүрге сай діни әдебиеттердің ғана сатылуын қадағалап отыру. Ел арасында ағымдарды насихаттайтын діни кітаптардың таралуына жол бермеу және алдын алу болып табылады.
Сондай-ақ, діни дүкен иелеріне қойылатын талаптың бірі -сатылымдағы әрбір діни кітап Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму миинистрлігінің Дін істер комитетінің дінтану сараптамасы мен бірге Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған кітаптар ғана салытымға рұқсат етіледі.
Айта кетсек, Шымкент қаласында мешіт аумағында жалпы саны 9 діни дүкен жұмыс жасап келеді. Өкілдік тарапынан тексеру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі







