Бүгін «Шымкент» медресе-колледжінде 2023-2024 оқу жылына талапкерлер қабылдау емтиханы өтті.
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен құрылған комиссия құрамын Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы қарсы алып, алдағы білім жолына түсетін болашақ діни қызметкері шәкірттерге батасын берді.
Биылғы жылы қабылдау емтихан жұмыстарын ҚМДБ «Діни оңалту» бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл (комиссия төрағасы), Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай, «Шымкент» медресе колледжінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Анарқұл Сырманов қатысып, қабылдау емтихан алды.
Айта кетсек, 2023-2024 оқу жылына 267 талапкер құжат тапсырды. Оның 151 ұл, 116 қыз бала. Талапкерлерден қабылдау емтиханы шағырмашылық және ауызша түрінде алынды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі