1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне Шардара қаласы «Әбу Мансур әл — Матуриди» мешітінің бас имамы, жастар өкілі Н. Шәдекұлының ұйымдастыруымен мешітте бүлдіршіндерге мерекелік іс — шара өткізілді. Бұл өмірдің базары да, ажары да — біздің бүлдіршіндеріміз. «Бір қозы туса, бір түп жусан артық өседі», — деген тәмсілді ұстанған қазақ әр сәбидің өз несібесімен дүниеге келетінін айтады. Перзентін көңілдің гүлі, көздің нұрына теңеп, жүрек түкпіріндегі үлкен үміттерінің иесі санайды. Сондықтан 1 маусымда тойланатын Халықаралық балаларды қорғау күні — орны ерек, мәні бөлек мереке. Іс — шара соңында балаларға балмұздақтар мен кітапшалар сыйға таратылды.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.