IMG 1165

IMG 1165

1 маусым мерекесін әдеттегідей аудандық педагогикалық – психологиялық түзету кабинеті де өз деңгейінде атап өтті. Қаладағы «Табиғат» дәмханасында педагогикалық – психологиялық түзету кабинетінде тәрбиеленетін 85 оқушы мен олардың ата – аналарына, жалпы 150 адамға арналып мерекелік дастархан жайылды.
Мереке барысында аудандық педагогикалық – психологиялық түзету кабинетінің басшысы Мұхтар Маханов балалар мен ата – аналарды айтулы мерекемен құттықтай келе, өздеріне әрқашан да қол ұшын созып жүретін демеушілерге де алғыс сезімін білдірді. Бүгінгі іс – шараға демеушілік жасап отырған ауданға есімдері белгілі кәсіпкерлер Жұмабековтер әулетінің қайырымды іс – шараларын атап өтіп, Қабылан Жұмабековке және оның ағалары Бейсенбек пен Арыстанбек Жұмабековтерге облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Раушан Ергешованың «Алғыс хатын» көп алдында салтанатты түрде табыс етті. Сонымен бірге, аудандық мүгедектер бірлестігінің төрағасы Қуаныш Ерназаровқа, облыстық «Жабай Тоқсаба» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оралбек Досымовқа педагогикалық – психологиялық түзету кабинеті атынан «Алғыс хат» тапсырды.
«Балауса бағым – шаттық пен қуаныш ордасы» деген тақырыппен өткен іс – шарада аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бауыржан Шомпиев, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, аудан имамы Асылхан қажы Данияров, жеке кәсіпкер Қабылан Жұмабеков, аудандық мүгедектер бірлестігінің төрағасы Қуаныш Ерназаров құттықтау сөз сөйледі. Облыстық «Жабай – Тоқсаба» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оралбек Досымов 50 балаға жаздық киімдер комплектін тарту жасады. Аудан имамы Асылхан қажы Данияров кәсіпкер азаматтар атынан мерекелік сыйлықтар үлестірді.
Мереке кезінде педагогикалық – психологиялық түзету кабинетінде білім алатын өнерлі оқушылар жыр – тақпақ айтып, ән салды. Мың бұралып би биледі. Олардың өнеріне ата – аналары мен ұстаздар қауымы қол соғып, қошемет көрсетіп отырды. Іс – шара соңында балақайларға тегін балмұздақтар таратылып берілді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 

IMG 1160

IMG 1161

IMG 1162

IMG 1163

IMG 1165

IMG 1166

IMG 1167

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38