Шардара қаласы күзет бөлімінің қызметкерлерімен «Өзін – өзі өлтіру ауыр күнә», – атты тақырыпта кездесуге аудан имамы А. Данияров қатысты. Сөз кезегінде аудан имамы А. Данияров Алланың соңғы елшісі, сүйікті пайғамбарымыздың (с.а.с) хадисінде «Кім өз жанын қандай затпен қиса, тозақта сол затпен азапталады», – делінген. Әркім өз өмірін қадірлей білуі керек. Өмірде кездесетін қиыншылықтар салдарынан өмірден безе жөнелу – мұсылман адамға тән емес. Дінге сенімі бар адам өмірдің қиындықтарын сынақ деп біледі. Әрбір қиындықтан кейін жеңілдіктің келетініне сенеді. Құдайдан үмітін еш үзбейді. Сабыр етеді. Ең қиын сәттерде де өзін өлтіруге бармайды. Қорыта келе айтарымыз, құрметті мұ-сылман бауырлар! Өзіне – өзі қол жұмсау ісі, көбінесе, үмітсіздіктен, мақсатсыздықтан, келешекке сенімсіздіктен, жан тынышсыздығынан туындайды. Ал иманды жан, жүрегі бай адам қашан да бұл дерттен аулақ болады. Қиналған кісінің жанын түсінуге тырысайық, құлазыған көңілдерге демеу болайық, достарымызды еш уақытта жалғыз қалдырмайық және ең бастысы өз төңірегімізге қасиетті Ислам дінінің асыл құндылықтарын үйретуді міндетіміз деп білейік.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.