IMG 1159

IMG 1159

Шардара қаласы аудандық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында халқымыздың «Ұлттық қорын» тарихи сана арқылы сақтауға бағытталған «Естен кетпес есімдер» тақырыбында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы бойынша, 31 мамыр — саяси қуғын — сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды, ал ҚР үкіметіне жыл сайын 31 мамырда саяси қуғын — сүргін құрбандарына арналған іс — шаралар әзірлеп өткізу тапсырылған. Он сегіз жыл бойы қазақ жұрты осы күнді ерекше құрметпен атап өтіп келеді. Дөңгелек үстелге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б. Шомпиев, ішкі саясат бөлімінің бас маманы І. Алтынбек, аудан имамы А. Данияров, Шардара аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ш. Қаппаров, аудандық білім бөлімінің бас маманы Н. Әбілдаев, БАҚ өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында қатысушы жастарға қуғын — сүргін құрбандары туралы бейнекөрсетілім көрсетіліп, пікіралмасу өткізілді. Жиын соңында жазықсыз құрбан болғандарды еске алып, аудан имамы қасиетті Құран Кәрімді оқып, рухтарына сауабын бағыштады.


Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 

IMG 1158

IMG 1159

от Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38

Добавить комментарий