IMG 1153

IMG 1153

ҚМДБ-ның Жалпы және Жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы арнайы Шымкент қаласына іс сапармен келді.
Іс сапар аясында бөлім меңгерушісі А.Ұтысханұлы 1-маусым халықаралық балалардың құқығын қорғау күні мерекесіне орай Шымкент қаласы «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің ұйымдастыруымен өткен «Балаларға базарлық» атты қайырымдылық шарасына қатысты.
Аталмыш шараға Шымкент қаласы №19 «Бауыржан» отбасылық балалар үйінде тәрбиеленуші 40 бүлдіршіндерге қасиетті Рамазан айымен құттықтап, имандылық жайында әңгмелеп берді.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің имамы Бақдәулет Абдурахмановтың бастамасымен бүлдіршіндерге арнайы автобус бөлініп, Шымкент қаласынадағы бірнеше мешіттерді аралатып, қалалық хайуанаттар бағына саясат жасап тамашалады.
Жалпы, іс шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, балаларға мерекелік дастархан жайылып, сый-сипаттар үлестірілді.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

 

IMG 1150

IMG 1152

IMG 1153

IMG 1154

IMG 1155

IMG 1156

IMG 1157

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38