Шымкент қаласы Тұран ауданы Қождан ата мешіті әйелдер бөлімінде «Құран жүрегімнің көктемі» атты рухани кеш өтті. Игі іс-шара Қасиетті Құран Кәрімді оқумен басталды. Әйел кісілердің Құран оқуға құлшындыратын видеороликтер мен көріністер қойылды. Шара барасында Құран әліппесін бітірген шәкірттерді марапаттап, Құран кітап сыйға тартылды. Шәкірттерді марапаттауға басқа мешіт ұстаздары да қонаққа келді. Тағы бір айта кететін жайт, бұл жолы 18 қыз-келіншек Құран әліппесін аяқтап, Құранды түп нұсқада оқи алатын деңгейге жетті. Сонымен қатар Құран хатым дұғасы оқылды. Шара соңында қонақтармен сұрақ-жауап ұйымдастырылып,жеңімпаздарға сыйлықтар тарту етілді және берекелі дастархан жайылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі