Бүгін елімізде жарияланған Жалпыұлттық аза тұту күніне орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен барлық мешіттерде Құран хатым дұғасы жасалды. Сауапты шараға еліміздің барлық өңірлеріндегі құлшылық ордалары да үн қосып, бүгін бір мезетте қайғылы оқиғада қаза тапқандардың рухына Құран бағышталды.
Шымкент қаласы орталық мешітінде жамағат болып, алапат өрт салдарынан қайтыс болған мұсылмандар рухына Құран бағышталды. Мемлекетіміздің Көкбайрағы төмен түсіріліп, күллі Қазақстан халқы қайғыға шомған азалы күнде марқұмдардардың арнда қалған туыстары мен жақындарына көркем сабыр сұрап, Жаратушы Алладан жақсылық тіленді.