Бүгін Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Таскен алабы, Түгейболат көшесінде «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық шарасының №662-ші баспана кілтін табыстау шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараға ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев мен демеуші азаматтар қатысты.
Игі шарада ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы құттықтау сөз сөйлеп және ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, №662 баспана кілтін жалғыс басты ана Жарқынай Тәжібаеваға табыс етті.
Сондай-ақ, ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы осындай игі жұмыстарға қаржылай қолдау білдірген кәсіпкерлерге өз алғысын білдірді. Жалпы, үйдің құжаттары түгел, үйдің іші толық бітіп, тұрмыстық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Айта кетсек, шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының ұйымдастыруымен жуық арада тағы үш үй пайдалануға беріледі.
Қоныс құтты һәм жайлы, берекелі болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі