ҚМДБ «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Шымкент қаласында дін өкілдері арасында шағын футбол турнирін өткізу дәстүрге айналған. Сайрам тұрғын алабындағы «Алмазар» спорт алаңында имамдар арасында футболдан кезекті турнир өтті.
Спорттық іс-шараны қалалық дін істері басқармасы, ҚМДБ Шымкент орталық мешіті бірлесе «Ислам және ізгі қоғам жылы» аясында ұйымдастырды. Турнирге бес ауданнан бес командалар бақ сынады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақдәулет Абдрахманов салауатты өмір салтын насихаттауды, имамдар арасында достық қарым-қатынасты нығайтуды мақсат еткен іс-шараның маңызы зор екенін атап өтті.
Бүгінгі сайыста Әл-Фараби ауданы командасы бірінші, Қаратау ауданы командасы екінші, Абай ауданы командасы жүлделі үшінші орынға ие болды. Жеңімпаз командалар арнайы жүлделермен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетсек, ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі бұқаралық спортты насихаттауда бірқатар ізгілікті іс-шараларға ұйытқы болып келеді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі